Украина президенті Владимир Зеленский сәрсенбі АҚШ президенті Вашингтонға Джо Байденмен кездесу үшін және АҚШ Конгресіне баруы мүмкін. Бұл туралы америкалық БАҚ-тар мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап.
Бұл Зеленскийдің соғыс басталғалы АҚШ-қа жасайтын алғашқы сапары болмақ.
Дереккөздердің мәліметінше, сапар ресми түрде расталмаған және қауіпсіздік мақсатында бұл жоспар өзгеруі де мүмкін.
Зеленскийдің баспасөз хатшысы мен АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің кеңсесі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.
Еске салайық, бұған дейін Владимир Зеленский әлем халқына үндеу жасаған болатын. Ол бейбіт саммит өткізуге шақырған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!