Украина президенті Владимир Зеленский "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.
Зеленский Киевте өткен брифингіде Украинаның бұл апатқа қатысы жоқ екенін айтты.
"Біздің бұған қатысымыз жоқ. Бәрі кімнің қатысы бар екенін түсініп отыр. Украина ұшақтарға қатысты дүниежүзі елдеріне жүгінгенде, біз мұны меңземедік... Бұл да белгілі бір мағынада көмектеседі", - деді Украина президенті.
Еске салайық, 23 тамыз күні кешке Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшып шыққан Embraer Legacy ұшағы Тверь облысындағы Куженкино ауылының маңында құлағанын хабарлаған еді. Ведомство ұшақта 10 адам, оның ішінде үш экипаж мүшесі болғанын, барлығы қаза тапқанын мәлімдеді. Росавиацияның мәліметінше, жолаушылар тізімінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің есімі бар. БАҚ оның телефоны апат болған жерден табылғанын хабарлады.
Сондай-ақ апатқа ұшыраған ұшақта Пригожиннің сенімді серігі Дмитрий Уткин болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!