Зекетті мұқтаж туған бауырларына, аға-інілеріне беруге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.
Зекет - мал-мүлкі нисап мөлшеріне жетпеген мұқтаж кісілерге беріледі. Алайда пақыр болса да зекетті өз ата-анасына, жұбайына және балалары мен немерелеріне бере алмайды. Себебі бұл кісілерге зекет емес, нәпақа берілуге тиіс.
Ал туған аға-інілеріне, жақын туыстарына, әпке-қарындастарына және жақындарынан басқаларына зекет беруге болады. Зекетті туыстарына берген адам зекеттің сауабымен қатар туыстық қатынасты нығайтудың сауабын да алады. Алла Елшісі бұл жайында: "Міскінге берілген садақа - бір садақаға, ал оны туған туысқа беру - екі садақаға тең: садақа беру әрі туыстық қатынасты нығайту" деген.
Имам Тахтауи: "Зекетті жақын туыстарға берген абзал. "ән-Наһр" атты кітапта былай делінген: "Зекетті мұқтаж жақын туыстарына, кейін олардың балаларына, сосын көкелеріне, одан кейін нағашыларына, сосын басқа туыстарына, содан соң көршілеріне берген жақсырақ". Әл-Фәтәуа әл-Һинияда:
"Зекет, пітір және нәзірді мына тәртіппен берген жақсырақ:
Сондықтан зекетті мұқтаж туған бауырларына, аға-інілеріне беруге болады. Басқа мұқтаждардан қарағанда жағындардың орны ерекше әрі туған бауырына берілген зекеттің сауабымен қоса туыстық қарым-қатынасты нығайтудың сауабы алынады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күйеу балаға неге төс тартады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз