Іздеуде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

Алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша күдікті Сауд Арабиясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және ІІМ Интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Қандай қылмысқа қатысы бар?

Күдікті 2018-2023 жылдар аралығында алдау арқылы Алматы қаласында жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы қаражаты мен мүлкін иемденген. Сонымен қатар, ол ұзақ уақыт бойы алматылық коммерциялық компанияның 82 млн теңге сомасындағы алдын ала төленген тауарын жеткізу бойынша міндетін орындаудан жалтарған.

Соталды тергеу және экстрадиция

Соталды тергеу барысында күдікті жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Биыл ол Сауд Арабиясы аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Төніп тұрған жаза

Бұл қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!