- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Халықаралық іздеу
Іздеуде жүрген әйел грек аралында ұсталды
Фото:
Коллаж: POLICE_of_KZ, depositphotos.com
Іздеуде жүрген алаяқ грек аралында ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады.
2021 жылы Алматыдағы ЖШС-ның бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары (114 миллион теңге) мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.
Қазір ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек