Іздеуде жүрген алаяқ Түркияда ұсталды

Іздеуде жүрген алаяқ Түркияда ұсталды
Фото: polisia.kz

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған 42 жастағы әйелді Анталия қаласында ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2009 жылы ол Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген.

Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған. Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта қамауда.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина