- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жоғары шенді полицей ұсталды
Іздеу жарияланған жоғары шенді полицей бір жылдан кейін ұсталды
Қарағанды облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеев бір жылға жуық уақыттан кейін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Құлкеевке 2023 жылдың желтоқсанында іздеу жарияланған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рустам Құлкеевтің ұсталуына қатысты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.
"Жедел тергеу амалдарының нәтижесінде іздеуде жүрген К. ұсталды. Ол теріс себептермен 2023 жылы Қарағанды облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Рустам Құлкеев қылмыстық іс кезінде тәркіленген майнингке арналған құрылғыларды ұрлады деген күдікке ілінген. Бұрынғы полиция бастығына қатысты "Ұрлық" және "Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" баптары бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Құлкеевтің іздестірілгені туралы хабарлама Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының сайтында жарияланды. Ол 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бері іздеуде жүрген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина