Шығыс Қазақстан облысы Зайсанда атыс болды. Белгісіз екі адам жігітке оқ атып, бой тасаламақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жантүршігерлік ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Түнде Зайсанда белгісіз біреулер 2005 жылы туған жігітті арқасынан жаралағаны айтылды. Желідегі мәліметке сүйенсек, жәбірленуші шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті екі күдікті ұсталғанын мәлімдеді.
"Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Екі күдікті анықталып, ізін суытпай ұсталды. Қару тәркіленді. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.
Ведомство өкілдері қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатқанын да айтты.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында топтық төбелес кезінде жасөспірім қаза тапқаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова