Зайсан қаласының тұрғындары есіктері жоқ көлікпен жүрген үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Жол жүрісі қағидаларын бұзу сәті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың бейнеролигінде түсіп, кейіннен ғаламтор желісінде кеңінен тараған. Зайсан қаласы көшелерінің біріндегі жастар алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікпен жүріп, өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызатын сәт камера объективіне түсіп қалған.
20 жастағы жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз