Зәулім үйін сатып, кино түсірген Жахан Отарғалиев қайтадан үй алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде актер жары Балжан Бидашпен бір бөлмелі пәтерде тұрып жүргені тарап еді. Енді өнер иесі су жаңа үйінің құрылысын бастағанын айтты.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына жариялады.
"Үй алдық. Шын жүректен құттықтасаңыздар болады. Үйімізді сатамыз дегеннен бастап барлығы сатпа, кейін ала алмай қаласың деп еді. Сол сіздердің уайымдарыңызды басып қояйық деп шештік", - деп жазды ол.
Айта кетейік, актер "Джохан" фильмін түсіру үшін зәулім үйін 60 миллион теңгеге сатқан болатын. Бірақ кино арқылы өнерпаз 850 миллион теңге табыс тапқанын мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!