- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заттыбек Көпбосынұлы бір...
Заттыбек Көпбосынұлы бір айда қанша тойға шығатыны жайлы айтты
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы тойға қаншалықты жиі шығатыны жайлы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өз сөзінде шыққан тойларын осыған дейін санамағанын және санамайтынын атап өтті.
"Шыны керек, бір айда мынанша той деп санап көрмеппін. Оны санамаймын да, есептемеймін де. Халықтың қуанышына ортақтасып барамыз ғой. Кейде қонақ болып барамын, кейде біреудің өтінішімен, кейде тіпті біреудің көңілі үшін барамын. Біздің қазақ өзі бір қызық халық қой. Қанша істеген жақсылығыңды бір жаңылысқан сәтіңде жуып-шая салады. Содан кейін мәңгі жек көріп кетеді. Кей кездері үлгермейсің, бара алмайтын жағдайға жетесің. Сондай кезде ренжіп жатады. Бірақ барынша ешкімнің көңілін қалдырмай, үлгеруге тырысамын", – деп жауап берді ол.
Бұған дейін Заттыбек Көпбосынұлының той бизнесіндегі жүрген әншілер туралы айтқан пікірін жариялаған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Литпин