Зарина Омарова жігіттерге талабы неге биік болғанын баяндап берді

Зарина Омарова жігіттерге талабы неге биік болғанын баяндап берді
Фото: instagram.com/zarina_omarova_official/

Бала кезінен хит әндерді тыңдап, орындап өскен әнші Зарина Омарова өзіне және болашақ жарына неге көп талап қойғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы "Мамский әңгіме" подкастында баяндап берді. 

"Жігіттерге деген талабым өте қатты биік болды. Ең бастысы, менің миыма қатты құйылып қойған бір нәрсе бар. Мен - Марат Омаровтың қызымын. Мен ешқашан әкемді жерге қаратпауым керек. Мен тәрбиелі, өнегелі жанұядан шыққан қызбын. Сондықтан дұрыс жүруім керек. Ең басты ойым осы болды", - деді ол. 

Алайда әнші шоу бизнестің мүлде басқа әлем екенін мойындады. Ол жерде неше түрлі жағдай болып тұратынын, ол қиындықтардың бәрін жеңіп шығу әркімнің қолынан келе бермейтінін жеткізді. 

"Мен "Жангүлім" әнін орындап, хит болып жатқан кезде "Тамаша" бағдарламасына екінің бірі шыға бермейтін. Ол кезде әкемнің аты дүрілдеп тұрған кез. Оның баласы болғаннан кейін бізге екі есе жауапкершілік артылатын. Әкеңнің арқасында сахнада жүрмегеніңді, шын мәнінде жақсы әнші екеніңді дәлелдеуің керек. Дауысым бар екенін, кез келген жерде жанды дауыста ән айта алатынымды дәлелдеуім керек болды", - деген Зарина Омарова алғаш сахнаға шыққан күндерін еске алды. 

Әнші өзінің жасөспірім кезі туралы естелігін де бөлісті. 

"16-17 жасымда адамдардың назары, атақ, ақша жан-жақтан құйылып кетті. Ол кезде енді мектеп бітірейін деп жатқанмын... Кейін ақшаның бәрін шашып ұстадым. Ешнәрсеге өкінбеймін. Кейінірек банкке ақша жинап бастадым. Кейін тұрмысқа шыққанда ата-анама ауырлық салмаймын деген шешім қабылдадым", - деді ол. 

Еске салайық, әнші Зарина Омарова он жылдан кейін сахнаға қайта оралғанын хабарлаған еді. 

Айта кетейік, Зарина Омарова - қазақ эстрадасының жұлдызы, әнші Марат Омаровтың қызы. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева