Танымал әнші Зарина Омарова бала кезінен бастап өнер жолындағы жетістіктерін баяндап берді. Ол алғашқы табысы туралы да сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марат Омаровтың қызы мектеп бітірген тұста өте танымал әрі табысты болғанын есіне алды.
"18-19 жасымда бір күнде алты тойға шығатынмын. Әр тойға шығатын гонорарым мың доллар еді. Ол кезде бүкіл жерде мен хитпін. "31 арна", Hit TV бәрінде мен жүретінмін. "Алғашқы махаббат" әні шықты. Ерекше бейнебаянды Ташкентке барып, 20 мың долларға түсірдік. Сондай бір керемет кез еді. Ол кезде қыз әншілер, жас әншілер аз болатын. Дильназ екеуміз бар едік. Мадиналар енді-енді өнерге келе бастаған кез. Мен "Әнші балапаннан" бастап, "Жас қанат", "Азия дауысы" деген бүкіл конкурсқа қатыстым", - деп өнер жолын қалай бастағаны туралы айтып берді әнші.
Зарина Омарова ол кездегі режиссерлер өте қатал болғанын айтып, есіне алды.
"17 жаста аяғым дірілдеп, кекілім мынадай, байқауға қатысатынмын. "Өзіңді көрсет" деп айқайлап ұрсатын. Соның бәрі маған үлкен мектеп болды. Қазір жас әншілерге өзімше болып ақыл айтамын. "Егер біреу ұрысса, оған ренжіп қарауға болмайды" деймін. Сын айтылса, керісінше, рақмет айту керек", - деді ол.
Еске салайық, Зарина Омарова бұған дейін жігіттерге деген талабы неге биік болғанын айтып, сұхбат берген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!