- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Зардап шеккендердің дені...
"Зардап шеккендердің дені - балалар". Атырауда қауіпті жәндік көбейіп, жағдай өршіп тұр
Атырау облысында қарақұрт шаққан адам саны 16-ға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, зардап шеккендердің дені - балалар. Абырой болғанда, ауруханаға түскен науқастың барлығы тиісті ем-домдарын алып, үйлеріне жіберілді. Қазір олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Өкініштісі, өрмекші тәрізді зиянкес төрт-түлікке шауып жатыр. Бүгінге дейін өңірдегі 180 ойсылқараға зиян келген екен. Сондықтан эпидемиологтар қарақұрт шаққан кезде бірден медициналық көмекке жүгінген абзал екенін айтты.
"Жер үйде тұратын адамдаға ерекше ескерту! Бау-бақшаны тазалағанда денені толықтай жабатын киім, қолғап киіп тазалауды ұсынамыз. Сыртта аяқ киімдер қалса, ішін міндетті түрде қағып, жәндіктің жоқтығына көз жеткізу керек. Тыстан үйге келгенде киімдерін қарап, оған қарақұрт енген жоқ па, соларға мән беріп, қарауға кеңес береміз", - дәрігер эпидемиолог Руслан Қайыржанов.
Еске салайық, бұған дейін де Атырау облысында қарақұрт шаққан он адам ауруханаға түскені хабарланды. Мамандар мәселеге қатысты пікір білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова