"Зардап шеккендер көп". Алматыда екі автобус жол апатына түсті

"Зардап шеккендер көп". Алматыда екі автобус жол апатына түсті
Фото: Facebook / Гульмира Илеуова

Алматыда екі автобус соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Гүлмира Илеуова атты Facebook қолданушысы парақшасында хабарлады. 

"Дәл орталықта, Төле би - Абылай хан қиылысында сұмдық жол апаты. Майқұс жолаушылар, зардап шеккендер көп", - дейді жазба авторы. 

Алматы қалалық мобильділік басқармасы өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Мамандар оқиға орнына келді, тиісті жұмыстарды құзырлы органдар жүргізетін болады", - деді басқарма өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина