- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зардап шеккендер бар:...
Зардап шеккендер бар: Ақтауда көлік түгі қалмай өртеніп кеткен
Ақтауда көлік түгі қалмай өртеніп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
9 және 10-шағынаудандар арасындағы жолда көлік өртенген. Оқиға салдарынан әйелдің денесін күйік шалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көлік өртенгені туралы хабарлама ТЖД кезекшісінің пультіне 8 шілдеде сағат 17:36-да түскен. Оқиға видеоға түсіп қалды.
Сағат 17:46-да ТЖД күшімен өрт ауыздықталды.
"Өртті сөндіруге Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің техникасы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің алты қызметкері жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деді ведомство өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова