Зардап шеккендер арасында шенеуніктер де бар: Оралда блогер сот алдында жауап беріп жатыр

Оралда блогер сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 42 жастағы қала тұрғыны әртүрлі жағдайға тап болған адамдардың сеніміне кіріп, қызметіне ақша алып отырған.

"Күдікті бұл әрекетін бірнеше жыл бойы жүзеге асырып келген. Сот отырысына онға тарта жәбірленуші келді. Олардың арасында бірнеше ауданның әкімі, мемлекеттік қызметкер де бар", - деп жазылған арна мәліметінде.

Дерекке сүйенсек, әлеуметтік желі арқылы өзін блогермін деп жария еткен күдіктіге сенгендер қаражат аударып отырған.

"Ол жиналған ақшаны жеке басына және букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсаған. Сұраған соманы бермегендерге қоқан-лоқы көрсеткен", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін ҰҚК шенеуніктен ақша бопсалаған блогерді ұстағаны хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз