Instagram-да Дүниежүзілік экономикалық форум климаттың өзгеруін тоқтату үшін адам қалдықтарын жеп-ішуге шақыратыны туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Дүниежүзілік экономикалық форумның ресми сайтында қоршаған ортаны сақтау немесе басқа да игі мақсаттар үшін қалдықтарды жеу туралы мақалалар жоқ. Сондай-ақ, зәрді ішу пайдалы әрі дұрыс екені туралы жазылмаған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Дүниежүзілік экономикалық форум өкілдерінің осындай диетаны насихаттағаны туралы хабарланған жоқ.
Әртүрлі ғалымдар адам қалдықтарынан алынатын су мен қоректік заттар жаһандық аштық пен ауызсу тапшылығы мәселесін шеше алады деп айтқан болатын. Алайда қалдықты жеуге болатындай етіп тазартатын технологияның прототипі әлі жоқ.
2022 жылы Желіде адам нәжісінен жеуге жарамды ет жасау технологиясын әзірлеген жапон ғалымы туралы хабарлама кеңінен тарады. Алайда бұл ешқандай дәлелі жоқ ескі интернет-фейк болып шықты. Бұл жаңалық 2011 жылы шыққан, ол кезде де журналистер нәжістен жасалған еттің жоқ екенін анықтады.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат өтірік. ДЭФ-тің ресми сайтында адам қалдықтарынан өндірілген өнімдер туралы ақпарат жоқ. Сонымен қатар, тамақ өнімдері қауіпсіздігінің барлық талабына сай мұндай өндіріс технологиялары жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!