Қуықтың қатерлі ісігі - бұл эпителий қабатынан шығатын қатерлі ісік. Дүниежүзінде еркектер қуық қатерлі ісігі шалдығу бойынша 7-орында, ал әйелдер 17-орында. Қуық қатерлі ісігін қуық асты қатерлі ісігінен ажырата білу керек. Қуық қатерлі ісігінің пайда болу қаупі артуына не түрткі болады және оның алғашқы белгілері қандай?
Қуықтың шырышты қабығындағы қарапайым жасушалардың қатерлі ісікке айналу механизмі әлі белгісіз. Алайда, қуықтағы қатерлі ісік қаупін арттыратын факторлар мыналар болуы мүмкін:
- белгілі бір онкогендердің белсенділігімен байланысты ауыр тұқым қуалаушылық;
- темекі шегу - қуық қатерлі ісігінің әрбір екінші жағдайы осы фактормен байланысты (темекі түтінінде дәлелденген аканцерогендер-хош иісті аминдер және полициклді хош иісті көмірсутектер бар);
- бояулар мен лактар шығару, мұнай өнімдерін өңдеу және металл өндірумен айналысатын кәсіпорындарда жұмыс істеу;
- хлор араласқан су ішу;
- иондаушы сәулеленудің әсері;
- шистосоматоз (паразиттік ауру);
- созылмалы цистит және қуықта уретральды катетердің ұзақ болуы.
Қуық қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?
Ер адам мен әйелдердің қуық қатерлі ісігінің алғашқы белгілері бірдей болуы мүмкін.
- гематурия (зәрде қанның болуы) – ең көп тараған белгінің бірі;
- супрапубикалық(кіндіктен төмен аймақ) аймақтағы ауырсыну;
- зәр шығару сипатының жылдамдығы, ауырсыну секілді өзгеруі;
- жүйелі түрде зәр жіберіп қою.
Егер ауру өршісе, қуық қатерлі ісігінің белгілері көбейеді:
- арқаның төменгі бөлігінің ауырсынуы, несепағар саңылауларының бітелуіне және бүйректен несеп ағымының бұзылуына байланысты;
- ісік жасушаларының сүйек тініне енуіне байланысты сүйектің ауыруы немесе сырқырауы;
- әлсіздік, себепсіз шаршау, аз уақытта салмақ тастау, тәбет нашарлауы;
- анемия.
Қалай қуық қатерлі ісігіне шалдығудың алдын алуға болады?
- қауіпті жұмыстардан бас тарту, өндірістік канцерогендерден өзін қорғау (химиялық заттармен тікелей байланысқа түспеу, қорғаныш киімін үнемі киіп жүру, диспансеризация);
- қуықтың қатерлі емес барлық папилломасын дұрыс емдеу, циститті уақытында тиімді емдеу;
- темекі шегуден бас тарту;
- қуық үнемі босап тұруы үшін тиісті көлемде су ішу.
Айта кетейік, бұған дейін простата обырын көрсететін ер адам ағзасындағы 6 өзгеріс хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қандай материкте барлық климаттық белдеулер кездеседі?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!