Запастағы офицерлерді әскери даярлау ережелері өзгереді

Запастағы офицерлерді әскери даярлау ережелері өзгереді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери дайындық ережелеріне өзгерістер енгізілмек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің бұйрығы жобасының толық мәтіні "Электрондық үкімет" порталында жарияланды.

"Түзетулер бюрократизацияны болдырмауға және азаматтар мен әскери оқу орындары әскери қызметшілерінің еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқуға түсу, ауыстыру және қалпына келтіру процестерін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына Egov арқылы тиісті өтінім бере отырып, цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұйрық жобасымен 20 желтоқсанға дейін "Ашық НҚА" бөлімінде танысуға болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова