Ішкі істер министрлігі Жаңа жыл қарсаңында тексерісті күшейткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Елде шыршаны заңсыз саудалаған 200-ден аса дерек тіркелген. Қазір өңірлерде "Шырша" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Полицияның дерегіне қарағанда кейінгі жылдары қылқан жапырақты ағаш түрлерін кесу деректері азайған.
Биыл өткізген рейдтік іс-шара аясында заңсыз ағаш кескен тек бір адам ұсталған. Қалғаны белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Айта кетейік, елге шырша негізінен көрші мемлекеттерден жеткізіледі.
Еске салайық, бұған дейін Жаңа жыл қарсаңында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейтіні хабарланды.
Жаңа жыл қарсаңында өңір тұрғындарының тіршілігі ерекше қарбаласқа толы болатыны белгілі. Көшелерде көлік қозғалысы көбейіп, кептелістер жиі болады. Осындай сәтте полиция қызметкерлері өңір тыныштығын сақтап, қоғамдық тәртіпті күзету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!