- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заңсыз актив туралы
Заңсыз шығарылған активтер Интерпол арқылы қайтарылады
Заңсыз шығарылған активтер Интерпол арқылы қайтарылады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Интерпол ұлттық орталық бюросы мен Активтерді қайтару жөніндегі комитет ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл қадам экономикалық қылмыстармен және активтерді заңсыз шығарумен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Меморандум аясында тараптар бірлескен бастамаларды іске асыру, активтерді қайтару және заңсыз қаржы операцияларының жолын кесу саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін күш біріктіруге келісті.
"Меморандум ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңсыз жолмен шығарылған активтерді қайтару бойынша жаһандық күш-жігерді нығайтуға деген шешімімізді көрсетеді", - деді ІІМ Интерпол ҰОБ-ның бастығы Мерей Мақұлжан.
Еске салайық, бұған дейін заңсыз активтердің 2,6 млрд теңгесі қайда жұмсалатыны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова