- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үй құрылысы
Заңсыз схемалар: прокуратура үй аларда алданып қалмау жолын айтты
Прокуратура үй аларда алданып қалмау жолын айтты. Салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сатып алу тәртібі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар жасасу "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңымен реттеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алайда кейбір құрылыс компаниялары заң талаптарын айналып өтетін мәмілелер жасақтау (алдын ала алу-сату шарттары, алдын ала брондау келісімдері және т.б.) арқылы жылжымайтын мүлікті сатып жүр.
Айта кету керек, мұндай әрекеттер үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы бойынша жауаптылық қарастырылған.
Соңғы екі жылда облыс прокуратурасының актілері бойынша 60 құрылыс салушы әкімшілік жауапқа тартылып, 46 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында салынып жатқан 5 тұрғын үй кешеніне (Manhattan - 41 ш.а., №1/1 учаске, Достық - 20 ш.а., 21 үй, Премьер - 14 ш.а., 84 үй, Adal Town - 29 ш.а., 171 үй, Aktau Riviera - жылы жағажай аймағы, 120 ғимарат) үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат берілді.
Өз кезегінде жаңа ғимараттарда пәтерлерді таңдау кезінде бірнеше тармаққа назар аудару керек.
Атап айтқанда, құрылыс компаниясында келесі құжаттар болуы керек:
- құрылыс компаниясында жергілікті атқарушы органдардан алынған жерге тиісті құқық беру туралы шешім;
- инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтер көздеріне қосылуға техникалық шарттар;
- салымшылардың қаражатын тартуға рұқсат (бірыңғай оператордың кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы және көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін).
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органнан сәулет-жоспарлау тапсырмасы алынып, бас сәулетшімен келісілген нобайлық жоба, жұмыс жобасы сараптамасының оң қорытындысы және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болуы маңызды.
Егер бұл құжаттар ұсынылмаған жағдайда құрылыс объектісі заңсыз, яғни тиісті рұқсат құжаттармен рәсімделмеген болып есептеледі.
Қажетті рұқсаттары бар салынып жатқан тұрғын үй кешендері туралы ақпаратты әкімдіктің сайтынан алуға болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина