- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заңсыз мұнай экспорты:...
Заңсыз мұнай экспорты: биыл қанша дерек тіркелді?
Фото:
depositphotos.com
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев заңсыз мұнай тасымалдануына қатысты қанша дерек тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінде елден мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салынған, алайда биыл мамандар мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге қатысты 299 әрекеттің алдын алды.
"ҚМА мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы деректері бойынша соталды тергеп-тексерудің 13 материалын тіркеді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, жасырын цехтарда есепке алынбаған алкоголь өнімін өндіруге қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова