Шымкент қаласының аумағында криптовалюта өндіру бойынша заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған екі адам ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, майнингтік ферма ұйымдастырған.
Екеуі жалпы сомасы 370 млн теңге болатын 1000 дана ASIC майнерлер (биткойн өндіру жабдығы) мен заңсыз өндірілген цифрлық активтер (биткойндар) түріндегі мүлкі тәркіленіп, сәйкесінше, 2 жылға бас бостандығынан айыру және 2,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері қылмыстық табысы 400 млн теңгеге жуық заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 4 фактісі анықталды.
Айта кетейік, криптовалюта өндіру саласындағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан төндіретін тәуекелдердің туындауына әкеп соғады, тұтынушылар мен кәсіпкерлерге электр энергиясын жеткізудің іркілу және тапшылық тәуекелдері артады.
Қаржылық мониторинг агенттігі аталған қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілгенін ескертеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!