Заңсыз қымбат металл өндірген: шығыста 19 шетелдік ұсталды

ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен 19 шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстың бір ауданында 19 шетелдік пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталған. Қымбат металдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ, құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленген.

"Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Дәлелдер жиналып, қажет сараптамалар тағайындалды", - деді ІІМ өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз