Заңсыз көші-қон: Маңғыстау облысында төлқұжаттар, мөр және ақша тәркіленді

Маңғыстау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері шетел азаматтарына тіркеу, уақытша болу мерзімін ұзарту және ХҚКО арқылы рұқсат алу бойынша жалған қызметтер көрсетумен байланысты заңсыз схеманың жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 мамырда жедел іс-шаралар барысында үш күдікті ұсталған. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тінту барысында:

  • әр түрлі ЖШС-нің 70-тен астам мөрі;
  • шетел азаматтарының 75-ке жуық төлқұжаты;
  • электрондық ақпарат тасығыштар, техника, банк карталары, ХҚКО құжаттарының түпнұсқалары;
  • шамамен 2 миллион теңге қолма-қол ақша;
  • екі көлік тәркіленді.

Аталған іс бойынша сотка дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!