- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Заңсыз кездесу ұйымдастырған"....
"Заңсыз кездесу ұйымдастырған". Алматы облысында колония бастығының орынбасары жұмыстан босатылды
Алматы облысында колония бастығының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтарда әлеуметтік желілерде Алматы облысының колониясындағы заңсыз кездесу туралы ақпарат тарады. ҚАЖ департаменті осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізді. Тексеру барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне шағымданғаны анықталған. Олар колония қызметкерлерін заңсыз әрекеттер үшін айыптаған. Сотталғандардың туыстары шағымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған. Мекеме бастығының орынбасары қолданыстағы заңнаманы бұзып, сотталғанды колонияға келген туыстарына БӨП торы арқылы көрсетуді тапсырған. Кейін бұл жағдай БАҚ өкілдеріне заңсыз кездесу ретінде ұсынылған.
Сондай-ақ, бейнежазбаларда көрсетілген басқа да деректер бойынша қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты қолданыстағы нұсқаулар бұзылмағаны анықталған. Сонымен қатар, қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеме бастығының орынбасары жіберілген құқықбұзушылықтар үшін атқарып отырған қызметінен босатылған. Оған қоса бірқатар басқа да қызметкер, оның ішінде мекеме басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова