Заңсыз бензин тасығандар әшкереленді

Заңсыз бензин тасығандар әшкереленді
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында заңсыз бензин тасыған 130 жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірде сыртқа сұйық отын сатқандар қолға түскен. Полиция Жамбыл облысында жеңіл көліктерімен жанармай тасып жүрген қырғызстандықтарды ұстаған.

"Арасында Меркі ауданының тұрғындары да бар. Олар көлікпен заңсыз бензин тасуды кәсіп көзіне айналдырған. Әбден әккі болғаны сонша - салондағы орындақтарды алып тастап, қосымша бак орнатып алған", - деп жазылған хабарламада.

Арнайы рейд кезінде 130 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды. Енді олар қосымшы құрылғыларын алмайынша көліктерін ала алмайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова