Жайық-Каспий бассейні аумағында ішкі істер органдары "Бекіре" профилактикалық іс-шарасын өткізді. Екі ай ішінде браконьерлік, балық және балық өнімдерінің заңсыз айналымының 292 дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
62 қылмыстық іс қозғалды, 230 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, 4,7 миллион теңгеден аса сомаға айыппұл салынды. Құқықбұзушылардан 10 тоннаға жуық балық, оның ішінде 2 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық, 75,5 келі уылдырық, 12 жүзу құралы, сондай-ақ, 29 келі шаян тәркіленді.
Мысалы, Атырау облысы Жаңаталап ауылының маңында полиция қызметкерлері Нива автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында 72,6 келі балық, оның ішінде 18,5 келі бекіре тұқымдас балық табылды.
Тағы бір дерек Астрахань-Атырау тасжолында тіркелді. Полицейлер Toyota көлігін тоқтатып, 445 келі балық тәркіледі. Жүргізушінің айтуынша, балық жолаушыға тиесілі болған. Барлық дерек бойынша соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!