Шымкентте былтыр заңсыз айналымнан 157 келіден аса есірткі тәркіленген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қабылданған шаралар нәтижесінде былтыр полицейлер есірткінің заңсыз айналымына байланысты 541 қылмыстық құқықбұзушылықты анықтап, соталды тергеп-тексеруді бастады.
"Тіркелгендердің 65-і есірткіні өткізу, 13-і есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 35-і есірткі өсімдіктерін егу және тағы да басқа қылмыстар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабында "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" көзделген 410 дерек анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде былтыр заңсыз айналымнан 157 келіден аса есірткі тәркіленді. Оның 100 келі 599 грамы - марихуана, 17 келі 536 грамы - гашиш, 30 келі 622 грамы - синтетикалық есірткілер және қалғаны тағы да басқа есірткі түрлері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова