Заңсыз аң аулаған астаналық ұсталды

Заңсыз аң аулаған астаналық ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында заңсыз аң аулаған астаналық ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

14 қыркүйекте Бұланды ауданының полиция бөліміне "Бұланды-Мекен" ЖШС-ның қорықшысының заңсыз аң аулау фактісі туралы телефон хабарлама келіп түсті.

Хабарламада орман алқабындағы 26 разъезде Астана қаласының 42 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Prado автокөлігі табылғаны көрсетілген.

Оқиға орнына дереу келген тергеу-жедел тобы бұлан ұшасын, 4 мылтық пен 70-тен астам патрон тәркіледі. Бұл жағдайда жүргізушіде табылған қаруға рұқсат құжаттары болған, бірақ оның бұлан аулауға лицензиясы болмаған.

Полиция бөлімі заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина