Ақмола облысында трансұлттық қылмыстық топ құрды деген күдіктілердің ісі сотқа жолданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген 12 адамға, яғни Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.
"Шығын мөлшері 250 миллион теңгеден асты", - деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Тергеу мәліметтері бойынша қылмыстық топ "жер қойнауын геологиялық зерттеуге" лицензия алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан.
Көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!