Абай облысында қайтарылған активтер есебінен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынбақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр. Осылайша Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді.
"Бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде Үкімет арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлген.
Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.
Сонымен қатар, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңда көзделген субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астана қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!