Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді. Жоба "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң шеңберінде іске асырылып жатыр.
Спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған. Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған.
2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде.
Бүгінде Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 50,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында төртеуі - мектеп, біреуі - музыкалық мектеп, оған қоса спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша бар.
Айта кетейік, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң иелерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!