Заңсыз активтер: Қазақстанға 40 миллиард теңге қайтарылды

Биыл мемлекеттен заңсыз шығарылған активтердің 40 млрд теңгесі қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген алқа отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

"Оның ішінде 37,7 млрд теңгесі ақшалай, 2,3 млрд теңге мүлік түрінде қайтарылды", - деді ол.

Сонымен қатар, арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен 39 әлеуметтік нысан пайдалануға берілген. Олардың қатарында Ақтау қаласындағы жедел жәрдем станциясы, Шымкент қаласындағы студенттер жатақханасы, Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы, Балқаш қаласы әуежайын реконструкциялау жобасы және басқа да нысандар бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!