24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәліметінше, жаңа ережелер тек 24 наурыздан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға қатысты болмақ. Қазақстан аумағында бұрыннан бар және идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізілген телефондар автоматты түрде "ақ тізімге" енеді, осылайша ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.
"Бұл өзгерістер тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқығын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған", - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.
Мәлімет бойынша бүгінде Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI коды бар құрылғылар тіркелген.
"Олардың заңсыз әкелінуі экономикалық және әлеуметтік мәселе туындатады. Мұндай мобильді құрылғылар нарығы құрылғылардың заңды айналымын бақылауды қиындатып, телефон ұрлығы көбеюіне ықпал етеді және әділетсіз бәсекелестік туғызады", - дейді ведомство өкілдері.
Негізгі жаңашылдық мобильді құрылғыларды верификациялау процедурасы болмақ. Жаңа ережелерге сәйкес тіркеу кезінде арнайы жүйе мына параметрлерді тексереді:
Министрлік өкілдері өзгерістер тек Қазақстан аумағына жаңадан әкелінген құрылғыларға қатысты екенін, бұрыннан бар және ИКД базасына енгізілген мобильді телефондар автоматты түрде "ақ тізімге" енетінін, ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастыратынын ескертті.
Верификация нәтижесінде мобильді құрылғылар үш санатқа бөлінеді:
Министрлік мәліметінше, Қазақстанда бұрыннан қолданыста бар телефондар ешқандай шектеусіз жұмыс істей береді, қосымша әрекет қажет емес.
Азаматтар 24 наурыздан бастап смартфон сатып алмас бұрын, IMEI кодты imei.rfs.gov.kz сайтынан тексере алады. Қазір сайт жаңа ережелерге сәйкес жаңартылып жатқаны белгілі болды.
Шетелден әкелінген телефон иелері шекарадан өткен күнді көрсетуі керек. Егер пайдаланушы 30 күн ішінде верификациядан өтпесе, кез келген уақытта хабарламадағы сілтеме арқылы анкетаны толтырып, растау процесін аяқтай алады.
Жаңа ережелер ресми жарияланған күннен бастап 60 күн өткен соң, яғни 2025 жылғы 24 наурызда күшіне енеді.
"Азаматтарға уайымдауға ешқандай негіз жоқ, ресми тіркелген құрылғылардың иелеріне қосымша әрекет жасап қажет емес", - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз