- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заңгер қызды алып...
Заңгер қызды алып қашқаны үшін қандай жаза қолданылатынын айтты
Қазақ қоғамында "алып қашу" ескі дәстүрі бар. Алайда көпшілік келісімсіз алып қашу үшін жаза қолданылатынын біле бермейді. Бұл жайлы адвокат Эльнура Кишкенебаева өзінің инстаграм парақшасында жазды,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Яғни, жеке өзі іс-әрекет жасайтын болса, 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылады. Ал егер де адамдар тобы алдын ала сөз байласып, қылмыстық іс-әрекет жасайтын болса, онда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылады", - деді адвокат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Коллекторлар кредит төлей алмай жүрген адамдардан ақша өндіріп алу үшін түрлі нәрселер айтып, қорқытып жатады. Олардың бұл әрекеті заңды ма? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова