Қазіргі заманда алаяқтар азаматтардың ақшасына қол жеткізу үшін күн сайын алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Десе де, алаяққа алданып қалып жатқан ұқсас жағдайлар көп. Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғали өзінің инстаграм парақшасында қазіргі таңда алаяқтар жиі қолданатын әдістерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғалидің айтуынша, қазір қаржылық алаяқтықтың мынадай түрлері кең таралған:
Алдын ала төлем арқылы жасалатын алаяқтық
Алаяқтар өз өнімдерін немесе қызметтерін интернет желісінде әртүрлі сайттар арқылы арзан бағамен ұсынады, сонымен қатар жылдам жеткізуді уәде етеді. Клиент еліктіретін ұсынысқа назар аударады, содан кейін онлайн режимінде жартылай немесе толық алдын ала төлемді әдетте үшінші тұлғаның шотына аударуды сұрайды.
Алдын ала төлемді алғаннан кейін алаяқтар тапсырыстарды орындамайды. Мұндай алаяқтарды табу өте қиын, өйткені олар физикалық түрде басқа елде шифрланған деректермен әрекет етуі мүмкін.
Онлайн-банкинг арқылы ақша иемдену
Басқа біреудің ақшасын іздеушілер әртүрлі банктердің клиенттеріне жеке телефон нөмірлеріне қоңырау шалып, олардың картасында күдікті қаржылық операциялар болып жатқандығы туралы ойдан шығарылған оқиғаны айтады. Көздеген мақсатқа жету үшін алаяқтар төлем картасының артындағы үш таңбалы нөмірді, СМС-кодты сұрайды.
Барлық қажетті деректерді алғаннан кейін, алаяқтар интернет-банкингке қосылып, бірнеше минут ішінде клиенттің онлайн-шоттарындағы барлық ақшаны өздеріне аударады.
Зиянды бағдарламалар арқылы шабуыл жасау
Алаяқтар сатып алушылар ретінде де істерін жүзеге асырады. Олар сатушының телефонына тауарды төлеу үшін деректерді толтыру мақсатында сілтемелер жібереді.
Егер сатушы осы сілтеме арқылы өтсе, онда ақша автоматты түрде иесіне ескертусіз төлем картасынан шешіледі, бұл арнайы зиянды бағдарламалар көмегімен жүзеге асырылады.
Заңгер мына қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді: