- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заңгер Айман Асанованы...
Заңгер Айман Асанованы өлтірген адам 10 миллион төлеуге міндеттелді
Ер адам әпкесінің өліміне кінәлі адамнан 50 млн. теңге моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап қойып, Алматы қаласының №2 Алмалы аудандық сотына жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жауапкер бұрынғы зайыбымен жанжалдасу кезінде оған 18 рет пышақ салған. Осындай көптеген жарақаттан әйел ауруханада қайтыс болды.
Қайтыс болған әйелдің ағасы қойған талабында қарындасының өлімі оған және барлық жақындарына ауыр қайғы-қасірет әкелгенін атап көрсетті. Оның әжесі мен әкесі уайым-қайғының салдарынан қайтыс болды. Ол отбасына келтірілген моральдық зиянды 50 млн. теңгеге бағалады.
Жауапкердің өкілі қойылған талапты мойындамай, әйелдің өліміне кінәлі адамға қылмысы үшін жаза қолданылғанын – оның 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын және қойылған талапта көрсетілген соманың қолында жоқ екенін атап көрсетті.
Сот қойылған талапты ішінара қанағаттандырды. Парасаттылық пен әділдік талаптарын басшылыққа ала отырып, талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 млн. теңге өндірілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан