- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заңгер Арықбай Ағыбаев...
Заңгер Арықбай Ағыбаев қайтыс болды
Заң ғылымдарының докторы Арықбай Ағыбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Massaget.kz тілшісіне бұл ақпаратты заңгердің қызы растады.
Арықбай Ағыбаев 1967 жылы ҚазҰУ-ды, 1973 жылы КСРО Ғылымдар Академиясының Мемлекеттік және құқық институтының аспирантурасын аяқтаған. Қазақстан Ғылымдар Академиясының Философия және құқық институтында, Алматы облысы сотында қызмет еткен. 1978–1981 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы болған. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика институты мен ҚазҰУ-да доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Ағыбаевтың ғылыми жұмыстары қылмыстық құқық, криминал мәселелерін зерттеуге арналған.
Ағыбаев - 120-дан аса еңбектің, оның ішінде 2 монография, 10 ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының авторы.
Ол Қарасай батыр, Сұраншы батыр, Сүйінбай, Жамбыл туралы бірнеше тарихи очерктері үшін халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлық лауреаты болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек