- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заңгер алимент өндірудің...
Заңгер алимент өндірудің 3 жолын ұсынды
Алимент - қазіргі кезде өзекті тақырыптардың бірі. Алиментті қалай өндіруге болады? Оны өндірудің нақты жолдары бар ма? Заңгер Дүйсенғали Мухамедияр Нұрғалиұлы өзінің инстаграм парақшасында алимент өндірудің ең тиімді 3 жолын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің айтуынша, қазіргі таңда ажырасу процестері өте көп болғандықтан, алимент өндіру мәселесі де күн санап артып келеді.
"Жауапкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша сотқа арыз жазасыз, ол 3 күнде шығады. Ол арызды алып, жеке сот орындаушылар палатасына арыз жазып өткізесіздер. Жеке сот орындаушының өндірісіне қабылданатын болады. Үшінші жолы, егер борышкер үш ай бойы ешқандай өтем өтемеген болса, онда оны жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бар. Ал жеке сот орындаушы оны тартпаса, үстінен жеке шағым жазып, әрекеті мен әрекетсіздігіне қатысты жауапқа тартуға мүмкіндігіңіз бар", - деді заңгер.
Алиментті кім ала алады? Алимент мөлшері қандай? Алимент төлемегені үшін қандай жаза қолданылады? Бұл сұрақтарға толық жауапты мына материалдан оқи аласыздар.
А. Жапатова