Заңгер 14 күн ішінде кері қайтаруға болмайтын тауарлар тізімін атады

Заңгер 14 күн ішінде кері қайтаруға болмайтын тауарлар тізімін атады

Әлеуметтік желіде qozhaiyn лақап атымен танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбеков өзінің инстаграмм парақшасында 14 күн ішінде қайтарылмайтын тауарлар тізімімен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгердің айтуынша ҚР “Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы” заңның 30-бабына сәйкес мына алты тауарды сатып алған адам дүкендерге кері қайтара алмайды:

  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды;
  • іш киімді;
  • шұлық-ұйық бұйымдар
  • жануарлар мен өсімдіктер
  • метрлеп сатылатын тауарлар
  • ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!