- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заңгер 14 күн...
Заңгер 14 күн ішінде кері қайтаруға болмайтын тауарлар тізімін атады
Фото:
qozhaiyn\instagram.com
Әлеуметтік желіде qozhaiyn лақап атымен танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбеков өзінің инстаграмм парақшасында 14 күн ішінде қайтарылмайтын тауарлар тізімімен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің айтуынша ҚР “Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы” заңның 30-бабына сәйкес мына алты тауарды сатып алған адам дүкендерге кері қайтара алмайды:
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды;
- іш киімді;
- шұлық-ұйық бұйымдар
- жануарлар мен өсімдіктер
- метрлеп сатылатын тауарлар
- ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов