Әнші Заңғар Нұртас 5 мың теңге үшін төбелесіп, қолын сындырып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі НТК телеарнасындағы Revunews бағдарламасына сілтеме жасап.
"Ешқайда жарияламағанмын, бірақ көп адам сұрап жатыр. Көшеде жаңағы бұрынғы заманның "гоп-стоп" деген бар ғой, сондай маған осы жолы жолықты. Ақша сұрайды, сосын келіспеушіліктер болды. Одан кейін төбелесіп қалдық, содан кейін мына қолымды сындырып алдым. Ол біреу болды", - деді ол.
Әнші оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
"5 мың теңге сұрайды. Мен қолма-қол бердім, "қазір саған аударып жіберемін" дейді. Мен бердім, одан кейін "Бір айналып келсеңші" дейді. Сосын берем дегендей қылды. Одан кейін төбелес басталды. Мәселе принципте болып тұр ғой. Мен үндемей жұтып кетсем, үйде қалай ұйықтаймын сосын?", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!