- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заңға қатысты халық...
Заңға қатысты халық көп жіберетін үш қате
Қарапайым халық кейде заңды және өз құқықтарын дұрыс білмегендіктен, қателесіп жатады. Заңгер Бердімұрат Хасенұлы өзінің инстаграм парақшасында заңға қатысты халық жиі жіберетін үш қателікті айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгер Бердімұрат Хасенұлының айтуынша, көпшілік адам мына қателіктерді жібереді:
1-қателік: оқымау. Қарапайым келісімшартты (договор) оқымау. Алдыңызға қағаз береді, "мына жерге қол қоясыз" деген кезде, көпшілік бірден сол жерге қол қоя салады. Не үшін қойып жатырсыз? Сол келісімге келісіп тұрғаннан. Кейін сол бойынша банк әрекет жасаса, артынан жылап қаласыз. Сол үшін келісімшартты екі жақтың келісімімен жасаңыз. Түсінбеген жеріңізді сұрауға ұялмаңыз.
2-қателік: банк қызметкерлерінен қорқу, олардың сіздің хақыңызға кіруіне жол беру. Банк қызметкерлері - қарапайым адамдар. Оларда да кредит бар, оларда да қарыз бар. Сізді балағаттауға, сіздің хақыңызға кіруге жол бермеңіз. Қорықпаңыз.
3-қателік: тек өзім деп шауып жүру. Проблема туса, тек өзіңіз емес, проблемаңызды шешетін адамдарға жүгініп, шаруаңызды оңай әрі тез шеше аласыз. Мәселе түріне қарай өз ісінің мамандарына жүгініңіз. Бірігіп көтерген жүк жеңіл.
А. Жапатова