Желіде Қазақстан туы қоқыс қабы ретінде пайдаланылғаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оны "Экспресс К" сайты жариялады. Онда мемлекеттік ту қоқыс қабы ретінде пайдаланылғанға ұқсайды. Көлікте тудан бөлек басқа да қаптар жатыр.
"Қоқыс қабы. Біздің туымыз қоқыс қабына айналды", - дейді видеодағы ер адам.
Көлікте елордалық нөмір тіркелгенін байқауға болады. Бұл дерек бойынша Нұр-Сұлтан полиция департаментінен пікір сұрадық.
"Мердігерлер немесе әкімдік жауап беруі керек, бұл жерде заң бұзылмаған", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.