- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Заң алдында жауап...
"Заң алдында жауап берсін". 17 жыл құлдықта болған қыздарға қатысты жаңа дерек белгілі болды
Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын. Журналист Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлдің тағдыры Мәжіліске жеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізуші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, апалы-сіңіліні 17 жыл құлдықта ұстаған туған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс әлі де сотқа жолданбаған.
"8 айдан кейін Құндыз бен Назгүлдің тағдыры Мәжіліске жетті!
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев апалы-сіңлінің тағдырын "Көреміз" бағдарламасы арқылы көріп, жаға ұстаған жандардын бірі болса керек. Ал біз қыздардың тағдырына араша болғанымызға 8 айдан асты. Бірақ сол уақыттан бері 17 жыл құлдықта ұстаған туған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс әлі де сотқа жолданбады.
Журналистерге қарағанда депутаттардың аузы дуалы ғой, бәлкім Түркістан облысының Полиция Департаменті, Прокуратура енді қозғалар!
Құндыз бен Назгүлдің ағасы мен жеңгесінің заң алдында толықтай жауап беруін талап етемін!Осы видеоның астына @turkistan_polisia мен @turkistan.obl.prokuratura белгілеп, видеоны жан-жаққа таратуға көмектесіңіздерші", - деп жазған журналист.
View this post on Instagram
Еске салайық, бұған дейін "Құлдық зынданынан шыққанына 1 ай өтті". Қорада тұрып, мал баққан апалы-сіңілінің ауыр тағдыры хабарланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә