- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заманбек Нұрқаділовтің ұлы...
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Мақпал Жүнісовадан әкесі өлген күні не болғанын айтып беруін өтінді
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Мақпал Жүнісовадан не сұрағысы келетінін айтты. Ол бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, әкесі өмірден өткен күн туралы толық білгісі келеді.
"Сол күнді, әкемді өлтірген күнді айтып берсе, басынан бастап. 12 қараша ғой. 10 қарашада, 11 қарашада не болғанын маған айтып берсінші. Көп сұрақ бар менде. Ол үйде әкем, Мақпал, тағы бір (адам - еск.), үш-ақ адам болды. ...Аман болсыншы. Тек сол күнді айтып берсін", - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында марқұм жолдасы тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы қандай болғанын айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова