Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Фото: "Уақыт көрсетеді" кадры

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы хабар туралы қызы Құралай Нұрқаділова жазды.

"Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға қайтыс болды. Заманбек Нұрқаділов тұлға ретінде қалыптасқан жылдары оның серігі болған әйел. Ақылды, білімді және саяси сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Өте қарапайым әрі зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішіндегі оның үнсіздігі туралы да. Ол Кеңес Одағы кезінде және одан кейінгі ел туралы көп нәрсе айта алар еді. Барлық тарихи деректі есте сақтайтын, өте қызық етіп баяндап беретін. Оны білетіндердің бәрі анамның даналығына таңданатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!" - деді ол.

Айта кетейік, Нұрбике Нұрқаділова Заманбек Нұрқаділовпен студент кезінде шаңырақ көтеріп, 27 жыл бірге тұрған. Олар 1995 жылы екіге жаққа кеткен. Олардың Қайрат, Құралай есімді ортақ екі баласы бар.

Фото: Құралай Нұрқаділованың жеке архивінен

Ал Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы 12 қарашада өмірден өтті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова